Басты бетШИПАЖАЙДА СҰРАНЫСҚА ИЕ ТОП-5 ЕМШАРА

ШИПАЖАЙДА СҰРАНЫСҚА ИЕ ТОП-5 ЕМШАРА

ШИПАЖАЙДА СҰРАНЫСҚА ИЕ ТОП-5 ЕМШАРА

Біз қонақтарымыздың арасында сауалнама жүргізіп, біздің кешенде сұранысқа ие әрі көпшіліктің ең сүйікті медициналық процедураларын анықтадық. Үздік бестікке мына емшаралар кіреді:

  1. Шарко Душы. Бұл сумен емдеу әдістерінің бірі, жоғары қысымды су ағыны арқылы массаж ретінде жасалады.

Айтпақшы, бұл процедураның «жұлдызы» - медбике Күлия ханым. Сол кісінің арқасында емшара ерекше сұранысқа ие. Ол туралы тіпті танымал БАҚ-та бірнеше мақалалар бар.

  1. Панталы бу саунасы немесе панталы бөшке деп те аталады – бұл ағзаны жалпы сауықтыруға арналған емшара. Ол марал пантасы сығындысының буымен толтырылған ағаш бөшкеде, көбінесе балқарағай бөшкесінде жүргізіледі.

 

  1. Озокеритті бастырмалар. Озокериттің емдеу әсері жылу және механикалық шарттар арқылы беріледі. Озокерит әсер ету аумағында 4-5 см тереңдікте қысқа мерзімді (5-40 с.) тарту арқылы терінің температурасын 2-3°С жоғарылатады,  соның салдарынан тамырлар кеңейіп қан ағысы күшейеді, қабыну жойылады , зат алмасу жақсарады, бұлшық еттер босаңсып, жұмсарады, ауырсыну басылады.

 

  1. Балшықпен емдеу. Бұл курорттық терапияның ең танымал және өте тиімді әдістерінің бірі. Балпаш көлінің балшықтары құнды химиялық, биологиялық қасиеттерге ие, зат алмасуын қалпына келтіреді, терідегі жүйке ұштарына  және жасуша элементтеріне әсер етеді және қабынуға қарсы әсері бар.

 

  1. Массаж. Бізде механикалық және қолмен жасалатын массаждың түрлері бар. Сонымен қатар, биоэнергетикалық массаж процедурасы бар.

Емшаралар бойынша қосымша сұрақтарыңыз болса, +7702-059-2020 нөміріне хабарласуға болады.