Басты бетВАКАНСИЯЛАР

ВАКАНСИЯЛАР

Ашық вакансиялар

Дәрігерлер:

  • терапевт,
  • инфекционист,
  • педиатр,
  • статист

Талаптар: Жоғары медициналық білім, тиісті бейіні бойынша маман сертификаты, еңбек өтілі кемінде 1 жыл, мүмкіндігінше біліктілік санатының болуы (екінші, бірінші, жоғары) және соңғы 5 жылда мамандықтар бойынша жетілдіру курстарынан өтуі.

Міндеттері: Емдеу-оңалту қызметтерін сапалы көрсетуді жүзеге асыру. Медициналық құжаттама мен есептіліктің сапалы және уақтылы жүргізілуін қамтамасыз ету.

Жұмыс кестесі: 9.00-ден 17.00-ге дейін, аптасына алты жұмыс күні

Сенбі  күні 9.00-ден 14.00-ге дейін.

 

Медбике

Талаптар: “Мейірбике ісі”, “Акушерлік”, “Фельдшер”, “Зертханашы” мамандықтары бойынша Орта-арнайы медициналық білімі, Мейірбике ісі бойынша маман сертификаты бар, мүмкіндігінше біліктілік санаты (жоғары, бірінші немесе екінші) және мамандығы бойынша кемінде 1 жыл еңбек өтілі болуы.

Міндеттері: Емдеу-оңалту қызметтерін сапалы көрсетуді жүзеге асыру. Білікті медициналық көмек көрсетуді, дәрігерлер тағайындаған процедуралардың орындалуын қамтамасыз ету.

Жұмыс кестесі: 9.00-ден 17.00-ге дейін, аптасына алты жұмыс күні

Сенбі күні 9.00-ден 14.00-ге дейін.

 

Мемлекеттік сатып алу жөніндегі маман

Талаптар: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, заңгерлік мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.

Міндеттері: “Мемлекеттік сатып алу туралы “2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V ҚР Заңының негізінде Қазақстан Республикасы Президенті іс басқармасының 2016 жылғы 18 қаңтардағы №11/3 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының және оның ведомстволарының қарамағындағы заңды тұлғалардың мемлекеттік сатып алуын ұйымдастырудағы талаптарға сәйкес тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу.

Білуге тиіс:

* Мемлекеттік сатып алу мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілері;

* ҚР 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V “Мемлекеттік сатып алу туралы” Заңы, келісім-шарттарды жасау және рәсімдеу тәртібі;

* Менеджмент, Маркетинг және экономика негіздері; қоғамның саясаты мен мақсаттары;

* Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өрттен қорғау ережелері мен нормалары.

Шарттары:

Ресми жұмысқа орналастыру

Жалақысы: 192 000 тг.

Жұмыс кестесі: дүйсенбі-жұма 9:00-ден 18:00-ге дейін

 

Байланыс:

Мекен-жайы: 021708, Ақмола обл., Бурабай ауданы, Бурабай кенті

Кадр бөлімінің телефоны: 8 (716) 367 51 24

Instagram: @okzhetpes.borovoe