Басты бет › Атқарушы блогы

Атқарушы блогы

Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының «Оқжетпес «ЕСК» АҚ біріккен шипажайларына қош келдіңіз!

2017 жылғы шілдеден бастап Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының емдеу-сауықтыру кешендері «Оқжетпес» брендімен бірыңғай желіге бірікті. Оның құрамына: Бурабай курорттық аймағындағы «Оқжетпес» шипажайы, Алматы қаласындағы «Алматы Резорт» және Ресей Федерациясының Ессентуки курорт- қаласындағы «Қазақстан» шипажайы кірді.

Бір бренд төңірегінде үш шипажайдың бірігу мақсаты: Қазақстан Республикасы мен шетел азаматтарының санаторлық-курорттық көмекке қажеттілігін қанағаттандыру үшін қазіргі заманғы тиімділігі жоғары емдеу-сауықтыру ұйымдарының желісін құру болып табылады.

Әрбір шипажай ерекше табиғатымен мақтана алатын тамаша жерде орналасқан. Әрқайсысының көпжылдық тарихы және сауықтыру демалысында үлкен тәжірибесі бар. Емдеу-сауықтыру кешендерінің желісі жалпы көлемі бойынша 583 орынды қамтамасыз ететін үш шипажайдан тұрады.

 2017 жылдың қазан айында Нұр-Сұлтан қаласында үш шипажайдың өкілдігі ашылды.

Емдеу-сауықтыруға арналға бағдарламалар мен тұру, бағасы мен ережелері туралы барлық қажетті ақпаратты Сіз біздің сайтымыздан және әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан ала аласыз. График посмотреть «здесь»

Келіп түскен барлық сұрақтарға «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешенінің жетекші мамандары жауап беруге дайын.

2023 жылы президенттің, вице-президенттердің және бас тәлімгердің қабылдау кестесі

№
п/п
АЖТ Лауазымы Қабылдау күні және
уақыты
1   АҚ президенті Сәрсенбі
сағ: 15.00-ден – 17.00 дейін
2

Баржақсымов Бірлік

Қадырбекұлы

Жалпы – мәселелер
жөніндегі вице президент
Дүйсенбі
сағ: 15.00-ден – 17.00 дейін
3

Кусайынова Лаура

Мақсатқызы

Емдеу-оңалту жұмысы
жөніндегі вице президент 

және бас тәлімгер

Жұма
сағ: 15.00-ден – 17.00 дейін