Басты бетМЕНШІКТІ РАДОН КӨЗІ, МАЙБАЛЫҚ КӨЛІНІҢ МИНЕРАЛДЫ СУЫ ЖӘНЕ ШИПАЛЫ БАТПАҚ

МЕНШІКТІ РАДОН КӨЗІ, МАЙБАЛЫҚ КӨЛІНІҢ МИНЕРАЛДЫ СУЫ ЖӘНЕ ШИПАЛЫ БАТПАҚ

МЕНШІКТІ РАДОН КӨЗІ, МАЙБАЛЫҚ КӨЛІНІҢ МИНЕРАЛДЫ СУЫ ЖӘНЕ ШИПАЛЫ БАТПАҚ

Шипажайдың басты міндеті - өмір сүру деңгейін арттырып, ағзаны аурудан қорғау, енді ғана басталып жатқан әлсіздікті басу.

Мұнда тыныс алу органдарының, жүрек-тамыр жүйесі мен тірек-қимыл аппаратының ауруларынан кейін сауықтыруға басымдық беріледі. Біз Майбалық көлінің минералды суын, Балпашсор көлінің балшығын емге қолданамыз. Балпашсор көлінің балшығы тірек-қимыл аппараты ауруларын, артрозды, артритті, омыртқа остеохондрозын емдеуге көмектесетін биологиялық белсенді балшық болып есептеледі. Бұл тірек-қимыл аппаратының ауруларын емдеп қана қоймай, қабынуға қарсы әсер етеді.

 

Мұндағы радон суы жұрт мақтап жүрген Ресейдегі Пятигорск радон суларына тең. Радон терапиясы – радон сәулесімен емдеуге негізделген және денені қорғанысқа бейімдеуге көмектесетін, перифериялық қан айналымына, жүйке-бұлшықет аппаратына әсер ететін терапияның бір түрі.

 

Шипажайдың су емханасында ваннаның бес түрі бар: су массажы, қылқан жапырақты ванна, панта бұғауы, төрт камералы ванна мен минералды ванна. Мұнда тіпті себезгінің де бірнеше түрі бар: душ-Шарко, дөңгелек душ, душ-массаж және субұрқақ душ. Сонымен қатар, емдеу блогында физиотерапияның бүкіл түрі, хирудотерапия (сүліктермен емдеу) бар. Дәрігердің нұсқауы бойынша келушілер шөп тұнбаларынан бұқтырылған шәй түрлерін, оттегі коктейльдерін іше алады.