Басты бетНАФТАЛАНМЕН ЕМДЕУ

НАФТАЛАНМЕН ЕМДЕУ

НАФТАЛАНМЕН ЕМДЕУ

«Оқжетпес» ЕСК оңалтудың 10 бағыты бойынша қызмет көрсетеді. Олар жүрек-қан тамыры, тыныс алу мүшелері, тірек-қозғалыс аппараты, жүйке жүйесі, қан тамыры аурулары сияқты дерттер. Дегенмен, басым бағыт – тірек-қозғалыс аппараты мен жүрек-қан тамыры жүйесі. Қазіргі уақытта емдеудің жаңа түрін енгізіліе жатыр. Ол – Нафталанмен емдеу. Бұл мұнай өнімі және бұрындары Қазақстанда қолданылған емес. Әзербайжаннан әкелінген Нафталанмен емдеуді біздің шипажаймыз ең бірінші болып қолға алды.

70-тен астам ауруға ем бұл дәріні адамдар 12 ғасырдан бері емдік бағытта қолданып келеді. Ол қанның тұтқырлығын төмендетеді, иммунитетті көтереді. Өкпенің жұмысын жақсартады. Ағзадағы қабыну процестерін тоқтатады. Анальгетикалық әсері бар. Буын, тірек-қозғалыс жүйесіне әсері мол. Экзема, псориаз сияқты әлемде кездесетін кез келген дерматит ауруларын емдейді. Әзербайжан кеңес заманынан-ақ осы Нафталанмен емдеу жүйесін жолға қойған. Қазақстан азаматтары дәл осы емді алу үшін сол елге баратын. Ал біз Нафталанмен емдеуді осыдан жарты жыл бұрын қолға алдық. Алғашқы уақытта ем алушылар саны аз болатын. Бүгінде күніне кемінде 10 адам осы емді алып жатыр. Сұраныс артуда.

Одан бөлек, шипажайда физикалық терапевтикалық кабинеттер, типтік сумен емдеу орны және себезгі залы, балшықпен емдеу орны, урология, стоматология, массаж және ем-шаралар кабинеттері, ішекті мониторлық тазалау кабинеті, ингалятор, фитобар, зертханалық-диагностикалық бөлімше, косметологиялық кабинет, дәріхана орналасқан. Емдеу ғимаратында өткізілген терапияның тиімділігі мен қауіпсіздігін бақылауға мүмкіндік беретін қуатты аспаптық база бар.

Брондау бөлімімен байланысу үшін: +7702-059-2020