Басты бетЖЕҢІС КҮНІМЕН!

ЖЕҢІС КҮНІМЕН!

ЖЕҢІС КҮНІМЕН!

Бүгін «Оқжетпес» шипажайының басшылығы ардагеріміз Безрученко Анна Никоноровнаның үйінде қонақта болып, қал-жағдайын сұрап, мереке қарсаңында құттықтап шықты.

Ардагерлерімізге мұндай қамқорлық тек мереке қарсаңында емес, үнемі көрсетіледі. Денсаулықтарын қадағалап, емдік-сауықтыру шараларына атсалысып, жиі  байланыстамыз.

Жасы 93-ке таяған ардагеріміз тыл еңбеккері, 1986 жылға дейін «Оқжетпес» шипажайында сылақшы қызметін атқарған зейнеткеріміз.

Бәріміз ардақ тұтар азғана ардагеріміз аман болсын!