Басты бет«Бурабай» ұлттық паркімен өткен экологиялық акция

«Бурабай» ұлттық паркімен өткен экологиялық акция

«Бурабай» ұлттық паркімен өткен экологиялық акция

Бүгін «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Бурабай мемлекеттік ұлттық табиғи саябағында 4,07 гектар аумаққа 32 мың қарағай көшеті егілді.

Ағаш егу мен санитарлық тазалау науқанына «Бурабай» ұлттық паркі, «Оқжетпес» шипажайы және «Бурабай Даму» ЖШС және «Қарасу» ШЖҚ РМК ұжымдары қатысты.

- Мұндай бірлескен экологиялық акциялар өскелең ұрпаққа жерімізді баптау, тазалық сақтау және табиғатты қорғауды үлгі етудің тамаша мүмкіндігі. Оның үстіне осындай ортақ жұмыс адамдарды ұйыстырады, - дейді «Оқжетпес» ЕСК» АҚ жалпы мәселелер жөніндегі вице-президенті Бірлік Баржақсымов.

2024 жылдың 8 сәуірінен бастап «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында «Бурабай» мемлекеттік ұлттық паркінің 30 құрылымдық бөлімшесінің бірлескен күшімен кордондарға іргелес аумақтарда санитарлық тазалау жұмыстары жүргізілгенін, 180 текше метр қоқыс шығарылғанын айта кеткен жөн.

Мамыр айының соңына дейін Ұлттық парктің Ақылбай, Бурабай, Приозерный, Золотобор, Мирный, Жалайыр орман шаруашылықтарында тағы 800 мыңға жуық ағаш егіледі. Жаңа орман екпелерінің жалпы ауданы 104,6 гектарға жетеді. Жалпы, жыл соңына дейін Ұлттық парк ұжымы 832,2 мың ағаш отырғызуды жоспарлап отыр.