Емшалардан бос уақытта шипажай аумағында қайық не катамаранмен серуендеп, жағажайда күн сәулесіне қыздырынып, рахаттана аласыз.
Жағажайда демалу мен катамаран жолдама құнына кіреді.
Шипажай мамандарының кеңесі:
Қазгидромет алдағы күндері ауа температурасының көтерілуін жобалады.
Күн мен сәуле соққыларын болдырмау үшін қарапайым ережелерді сақтауға кеңес береміз:
- бас киім киюді ұмытпаңыз, бас киім материалы барынша жеңіл әрі ашық түсті болғаны жөн
- серуендеуге таңертең немесе 16:00-ден кейін шығыңыз
- дене белсенділігінің жоғарылауынан аулақ болыңыз
- судың біркелкі мөлшерін пайдаланыңыз
- қосымша су рәсімдерін енгізіңіз
Сізге және денсаулығыңызға деген қамқорлықпен, «Оқжетпес» шипажайы!