Ұлттық құндылықтарды дәріптеу арқылы ағзаны сауықтыру – «Оқжетпес» шипажайының негізгі бағыты. Кейінгі жылдары мұндағы емдеу шаралары да, сауықтыру бағдарламасы да қазақи нақышпен қанықтырылып жатқаны туралы жиі айтылып жүр.
Биыл шипажай «Kazakh Nomad Resort» тұжырымдамасы аясында ұлттық құндылықтарды дәріптеу арқылы халық медицинасын ұсынады. Оған: табиғи емдік шөптермен емдеу, қымыз терапиясы, киіз үйдегі релаксация кіреді. Одан бөлек, шипажай аумағындағы этно-ауылда әр бейсенбі қазанда пісірілген ыстық бауырсақ, садақ ату ұйымдастырылған.
Әр бөлме қазақи интерьермен сәнделген. Мұның бәрі – Kazakh Nomad Resort тұжырымдамасының бір бөлшегі. Қазақи стильде безендірілген бөлмелер, қымыз, бауырсақ, жент пен жаңа ұйытылған айран Kazakh Nomad Resort тәсілінің шипасына тән мен жанды қатар иландырады.
«Біз қазақ мәдениетінің ең бай элементтерін, дәстүрлерін қызметімізге, тамақ мәзіріне, бөлмелерді нақыштауға пайдаландық. Көл жағасындағы 100 метр сайын орнатылған тақтайшалар арқылы сейіл құра жүріп емдік серуенге қалай бойлап кеткеніңізді аңдамай қалуыңыз мүмкін. Қозы Көрпеш пен Баян Сұлудың махаббат хикаясы да осы тақтайшаларда бейнеленген. Әр тақтайша қазақ тарихының бір кезеңін суреттейді. Мұның бәрі тән мен жанды қатар емдеу үшін ойластырылған», — дейді «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешенінің президенті Яков Стерлигов.