Басты бет«Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешені шетелдік туристерді несімен қызықтырады

«Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешені шетелдік туристерді несімен қызықтырады

«Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешені шетелдік туристерді несімен қызықтырады

«Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешеніне біріктірілген шипайжайларда биылғы жеті айда 15 мыңнан астам адам сауығып қайтты. Ең танымал қызмет түрлері емдік жаттығулар, ванналар, балшықпен емдеу және аппараттық физиотерапия болды. Шетелдік туристердің қазақстандық санаторийлерге деген қызығушылығы жайында «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешені» АҚ шипажайлар өкілдігінің басшысы Мәдина Бүркітбаева айтып берді.

Оның айтуынша, статистикалық мәліметтерге қарағанда бүгінгі күні елімізде жұмыс істейтін және SPA және Welness шипажайлық-курорттық бағытында орналасқан 173 сауықтыру мекемесінің ішінде мемлекеттік және көп желілік мәртебесіне тек бір ғана бренд – ол «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешені ғана ие. 

«Біздің шипажайлардың қонақүй және мейрамхана қызметіндегі жұлдызды мәртебесін растауда көп жылдық тәжірибеміз бар. Шипажайларымыз тұрақты негізде Халықаралық көрмелер мен форумдарға белсенді қатысады. Мәселен, 2023 жылы «Шипажай -2023» ғылыми халықаралық форумында Қазақстан Республикасындағы ең үздік шипажай атанды. Мәселен, Бурабай кентіндегі бір ғана «Оқжетпес» шипажайына жеті айдың ішінде жеті мыңнан астам демалушы келді. Жаттығу терапиясы, ваннаның бес түрі, душ, жылу және балшықпен емдеу, аппараттық физиотерапия, сондай - ақ АМОК, пантотерапия, массаждар, соның ішінде биоэнергетикалық массаждар ең танымал. 2023 жылы «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешені» АҚ желісімен 28,3 мың адамға қызмет көрсетілді. Біздің қонақтардың арасында шетелден келген 1229 қонақ болды, бұл бізге 2022 жылы келген шетелдік туристерден бес есе көп. Қазақстанның басқа өңірлерінен шипажайға келушілер саны 11,6 мың адамды құрады. 2024 жылдың 1 жартыжылдығында шипажайларда 12,6 мың адам сауығып қайтты, оның ішінде 701 шетелдік турист», – деп жалғастырды Мәдина Бүркітбаева.

Айтуынша, шипажайларға шетелден келетіндердің арасында 60 пайыздан астамы Ресей азаматтары, 15 пайыздан астамы Германия азаматтары, 12 пайызы Еуропаның басқа елдерінің азаматтары. Сонымен бірге, Өзбекстан тұрғындарының үлесі 7 пайыз, АҚШ пен Қытай тұрғындары 2 пайыз, БАӘ 1 пайыз, басқа елдерге 5 пайыздан тиесілі.