«Kazakh Tourism» Ұлттық компаниясы жыл сайын туризм индустриясының стандарттарына сәйкес келетін кәсіпкерлерге «Сапа белгісін» табыстайды. Биыл бұл марапатқа туристік бизнес өкілі ретінде ПІБ Медициналық орталығының «Оқжетпес» және «Almaty resort» шипажайлары лайық деп танылды.
2021 жылы «Kazakh Tourism» бастамасымен іске қосылған «Сапа белгісі» бағдарламасы қонақжайлылық мәдениетін арттыруға және елдегі туристік қызметтердің сапасын жақсартуға бағытталған.
«Туристік қызметтердің сапасы – саяхатшылар үшін маңызды фактор. «Сапа белгісі» бағдарламасы жоғары стандарттарды сақтауға көмектеседі және компанияларды даму мен жаңашылдыққа ынталандырады. Биыл бірден екі шипажайымыз да осы марапатқа ие болғанына ерекше қуаныштымыз. Екі шипажай да туризм саласында ерекше еңбек етіп келеді. Сервис пен сауықтыру шараларын одан да жақсы сапаға арттыру үшін барымызды саламыз», - деді шипажайлар желісінің басшысы Яков Стерлигов.