2-6 желтоқсан аралығында Жетісу облысында «ҚР ПІБ Медициналық орталығының күндері» акциясы өтті. Іс-шара аясында 3 желтоқсан күні облыстың кәсіподақ ұйымдарына «Оқ-Жетпес» санаторийлер желісінің басшылығы емдеу-сауықтыру бағдарламалары мен оңалту мүмкіндіктерін ұсынды.
Кездесулер барысында «Оқ-Жетпес» шипажайларындағы сауықтырудың негізгі артықшылықтары, әртүрлі емдеу бағдарламалары, заманауи жабдықтар және бірегей табиғи факторлар туралы айтылды. Одан бөлек, шипажай желісінің өкілдері «Заманауи санаторийлер: сапалы оңалту және сауықтыру технологиялары» тақырыбында презентация ұсынып, «Оқжетпес» кешендерінде қолданылатын емдеу мен оңалтудың озық әдістемелері туралы сөз қозғады. Презентация қатысушылардың қызығушылығын тудырды және талқылау барысында қойылған сұрақтар медициналық практикадағы жаңа технологияларға және оңалту қызметтерін пайдаланудың практикалық аспектілеріне қатысты болды.
Сапардың екінші бөлігінде "Senim"кәсіподақ ұйымының басшысымен келіссөздер өтті. «Оқжетпес» шипажайларында кәсіподақ қызметкерлерін сауықтыру мүмкіндіктері, сондай-ақ топтық және жеке сауықтыру бағдарламаларын өткізуге байланысты ұйымдастырушылық мәселелер талқыланды.
Одан бөлек, кәсіподақ ұйымдары мен облыстың медициналық жұртшылығының өкілдеріне Медициналық және оңалту рәсімдері, емделу мүмкіндіктері және кәсіподақ мүшелеріне жеңілдіктерді қамтитын арнайы пакеттер ұсынылды.