

Шипажайда шаңғы тебу – денсаулықты жақсартудың және көңіл-күйді көтерудің тамаша жолы.
Біздің кешенде бұл спорт түрі кез келген қонақ үшін қолжетімді. Сіздерге арнайы білікті нұсқаушы қызмет көрсетеді, ол сырғанау техникасы мен қауіпсіздік ережелерін үйретіп, сіздің денсаулығыңызды жақсартуға көмектеседі☺️
Шаңғы тебу – жүрек-қан тамырлары жүйесі мен бұлшық еттерді нығайтатын керемет дене шынықтыру жаттығуы. Қарлы жолдарда сырғанау табиғат аясында демалып, таза ауада серуендеудің ең тамаша тәсілі.
Сізге деген қамқорлықпен, Оқжетпес!