Басты бетШипажай дәрігері «Ел тынысы» сұхбат-подкастында қонақта

Шипажай дәрігері «Ел тынысы» сұхбат-подкастында қонақта

Шипажай дәрігері «Ел тынысы» сұхбат-подкастында қонақта Шипажай дәрігері «Ел тынысы» сұхбат-подкастында қонақта

Артық салмақ, семіздік. Балалар не ішіп-жеп жүр? Шипажайда қандай емдік шаралар қолданылады? Кімдер бара алады?

Осы тақырып аясында ПІБ Медициналық орталығына қарасты «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешенінің терапевт-дәрігері Қабдуәли Қуаныш «Ел тынысы» сұхбат-подкастында осы өзекті мәселені кеңінен тарқатып берді.

20 маусым күні 101.4 JJ FM радиосында өткен эфир барысында дәрігер артық салмақтың бүгінгі қоғамдағы өзектілігін, әсіресе балалар арасында белең алып жатқанын айтты. Сондай-ақ, дұрыс тамақтану мен белсенді өмір салтының маңызын түсіндіріп, «Оқжетпес» шипажайында семіздікпен күреске арналған арнайы медициналық бағдарламалар мен ем-шаралар туралы ақпаратпен бөлісті.

Шипажайда қолданылатын емдік тәсілдер қатарында: диетотерапия, дене белсенділігіне бағытталған жаттығулар, физиотерапия, балшықпен және минералды сумен емдеу, психоэмоционалдық релаксация әдістері бар.

Бағдарлама тек ересектерге ғана емес, артық салмақпен күресіп жүрген жасөспірімдерге де қолжетімді. Қабылдау дәрігерлік тексерістен кейін жеке көрсеткіштерге байланысты жүзеге асырылады.