





Қазақстандағы жетекші шипажайлардың бірі – «Оқжетпес» шипажайында «Стандарт Де Люкс» санатындағы бөлмелердің күрделі жөндеу жұмыстары сәтті аяқталды. Жалпы кешенде 126 бөлме бар, соңғы 3 жыл ішінде 98 бөлмеге жөндеу жүргізілді.
Жаңартылған бөлмелер заманауи стильде безендіріліп, сапалы материалдармен жабдықталды. Жаңа жиһаз орнатылып, сантехника мен ауа баптау жүйелері толық жаңартылды. Бұл өзгерістер қонақтардың жайлы демалуы үшін жасалып, қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған.
Алдағы уақытта шипажайдағы барлық 126 бөлмені кезең-кезеңімен жаңарту жоспарланып отыр. Инфрақұрылымды жақсарту – қонақтарға жыл бойы жоғары деңгейде қызмет көрсетуге бағытталған даму стратегиясының маңызды бөлігі.
«Оқжетпес» шипажайы табиғаты көркем Бурабай өңіріндегі демалысты заманауи жайлылықпен ұштастыра отырып, үнемі даму үстінде.