Басты бетҚР ПІБ Медициналық орталығының ұйымдастыруымен ғылыми-практикалық конференция өтті

ҚР ПІБ Медициналық орталығының ұйымдастыруымен ғылыми-практикалық конференция өтті

ҚР ПІБ Медициналық орталығының ұйымдастыруымен ғылыми-практикалық конференция өтті ҚР ПІБ Медициналық орталығының ұйымдастыруымен ғылыми-практикалық конференция өтті ҚР ПІБ Медициналық орталығының ұйымдастыруымен ғылыми-практикалық конференция өтті ҚР ПІБ Медициналық орталығының ұйымдастыруымен ғылыми-практикалық конференция өтті

ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының ұйымдастыруымен «Оқжетпес» емдік-сауықтыру кешенінде курортология және медициналық реабилитация саласындағы өзекті мәселелерге арналған ғылыми-практикалық конференция өтті. Іс-шараға медициналық қызметтің үздік мамандары, жетекші ғалымдар, халықаралық сарапшылар мен шетелдік дипломатиялық миссия өкілдері қатысты.

Конференцияның негізгі бөлімдері:

Конференция аясында санаторий-курорттық емдеу, медициналық қайта оңалту, курортологияның заманауи трендтері мен ғылыми жаңалықтары талқыланды. Спикерлер саланың даму бағыттарын таныстырып, тәжірибе алмасып, емдеу сапасын арттыруға бағытталған бірқатар ұсыныстарын ортаға салды.

Спикерлер және баяндама тақырыптары:

Стерлигов Яков 
Санаторлы-курорттық емдеу.

Ақмұрзин Әбілхәкім 
«Оқжетпес» емдік-сауықтыру кешенінің экс-президенті.
«Оқ-Жетпес» шипажайының тарихы
Спикер шипажайдың 60 жыл ішінде өткен жолы, қалыптасу кезеңдері мен денсаулық сақтау жүйесіндегі рөлі туралы егжей-тегжейлі баяндады.

Қайыргелдина Саягүл
 «Курортология және медициналық реабилитация ғылыми-зерттеу институты» директоры,
Қазақстанның Ұлттық Курорттық Ассоциациясының президенті,
Курорттық медицина және физикалық реабилитациядағы жаңа технологиялар: жетістіктер мен перспективалары
Ол саланың инновациялық бағытын, цифрлық әдістерді енгізу тәжірибесін және реабилитациялық медицинаның жаңа деңгейін атап өтті.

Кечеджиев Сергей 
«Қазақстан» шипажайы, РФ, Ессентуки қаласы
Кавказ минералды сулары аймағындағы санаторлы-курорттық емдеу
Спикер Ресейдің шипажайлық жүйесінің тәжірибесі мен емдік мүмкіндіктерімен бөлісті.

Панов Станислав
Интегративті медицина және нутрициология ұлттық ассоциациясының сарапшысы.
Санаторлы-курорттық емдеудегі превентивті медицинаның жаңа бағыттары.

Ресми баяндамалардан кейін қатысушылар үшін кофе-брейк ұйымдастырылып, сала мамандары бейресми жағдайда тәжірибе бөлісуге мүмкіндік алды. Сонымен қатар, тыңдаушылардың сұрақтарына жауап беріліп, белсенді пікірталас өрбіді.

Марапаттау рәсімі.

Биыл «Оқжетпес» шипажайына 60 жыл. Осы ретте емдеу мекемесінің қалыптасуына және дамуына үлес қосқан сала ардагерлері мен үздік мамандар арнайы төсбелгілермен марапатталды. Бұл – олардың көпжылдық еңбегіне көрсетілген құрмет пен ризашылықтың белгісі.