«Оқжетпес» шипажайында әз-Наурыз мерекесі ұлттық күнтізбе бойынша он күн бойы кең көлемде және ерекше сән-салтанатпен тойланды.
Мерекенің әр күні өзіндік мәнге ие болып, тазалық, жаңару, үлкенге құрмет, кішіге ізет, табиғатқа алғыс сынды құндылықтарды дәріптеуге арналды. Шипажай қонақтары ұлттық тағамдардан дәм татып, ән мен күйге бөленіп, дәстүрлі ойындар мен салт-дәстүрлерге қатысып, Наурыздың шынайы рухын сезінді.
Мереке барысында ерекше жылылық пен қонақжайлық атмосферасы орнап, адамдар арасындағы бірлік пен татулық айқын көрініс тапты. Бұл күндер тек мерекелік шаралар ғана емес, ұлттық мәдениетке терең бойлауға мүмкіндік берген рухани саяхатқа айналды.
«Оқжетпес» шипажайындағы Наурыз — жүректерге қуаныш, жанға шабыт сыйлаған он күндік мереке!