«Оқжетпес» шипажайы заманауи контент жасауда жаңа қадам жасап, шипажай өміріне арналған ерекше веб-сериалдың түсірді.
Жобадағы басты рөлді танымал қазақстандық актер Әділ Ахметов сомдайды. Сериалдың негізгі желісі шипажайдағы өмірді, адамдар тағдырын, сауығу жолындағы өзгерістерді, жаңа таныстықтар мен өмірлік маңызды оқиғаларды баяндайды.
Жобаның басты ерекшелігі – әрбір бөлімнің негізінде шипажайда болған шынайы оқиғалар жатыр. Бұл – демалушылардың, медицина қызметкерлерінің және ұжым мүшелерінің өмірінен алынған әсерлі оқиғалар.
Веб-сериал көрерменге шипажайдың тек ем қабылдайтын орын ғана емес екенін көрсетеді. Бұл – адамдар жаңа күш-қуат алып, жан тыныштығын тауып, жаңа достармен танысып, өмірге деген көзқарасын өзгертетін ерекше мекен.
Түсірілім жұмыстары «Оқжетпес» шипажайының аумағында және Бурабайдың көркем табиғат аясында өтті. Сондықтан көрермендер қызықты оқиғалармен қатар, өңірдің сұлу табиғатын, шипажайдың жайлы атмосферасын және заманауи мүмкіндіктерін тамашалай алады.
Біз бұл жоба көрермендерге шипажай өмірін жаңа қырынан танытып, «Оқжетпесте» күн сайын орын алатын шынайы оқиғалардың куәсі болуға мүмкіндік береді деп сенеміз.
Жаңа бөлімдердің жарыққа шығуын біздің ресми парақшаларымыздан бақылап, «Оқжетпес» шипажайының әсерлі оқиғаларына бірге куә болыңыздар!