Басты бетЫстықкөл жағалауында ҚР ПІБ Медициналық орталығының «Қазақстан» шипажайы ашылады

Ыстықкөл жағалауында ҚР ПІБ Медициналық орталығының «Қазақстан» шипажайы ашылады

Ыстықкөл жағалауында ҚР ПІБ Медициналық орталығының «Қазақстан» шипажайы ашылады Ыстықкөл жағалауында ҚР ПІБ Медициналық орталығының «Қазақстан» шипажайы ашылады

Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығы сауықтыру және шипажайлық-курорттық қызмет көрсету бағытындағы мүмкіндіктерін кеңейтуді жалғастыруда. Биылғы жылдың қараша айында Ыстықкөл жағалауында жаңа бес жұлдызды «Қазақстан» шипажайы өз есігін айқара ашады.

Жаңа шипажай Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының құрамына кіреді. Медициналық орталық көптеген жылдар бойы сапалы медициналық қызмет көрсету, профилактика, оңалту және шипажайлық емдеу саласында жоғары стандарттарды қалыптастырып келеді.

«Қазақстан» шипажайының ашылуы Медициналық орталықтың сауықтыру инфрақұрылымын дамытудағы маңызды кезеңдердің бірі болмақ. Жаңа кешен Қазақстан азаматтары мен шетелдік қонақтарға халықаралық деңгейдегі қызмет көрсетуді мақсат етеді.

Шипажай жыл бойы жұмыс істеп, бір мезгілде 180-ге дейін демалушыны қабылдай алады. Қонақтарға жайлы орналастыру жағдайлары, заманауи емдеу-диагностикалық бөлімшелер, сауықтыру және оңалту бағдарламалары, сондай-ақ жоғары деңгейдегі сервис ұсынылады.

Жобаның басты артықшылықтарының бірі – оның Ыстықкөл жағалауындағы ерекше орналасуы. Көлдің бірегей климаты, таза тау ауасы және табиғи емдік факторлары заманауи медициналық технологиялармен үйлесіп, келушілердің денсаулығын нығайтуға және ағзаны қалпына келтіруге мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығы медициналық қызмет көрсету сапасын арттыруға және шипажайлық-курорттық емдеудің заманауи үлгілерін дамытуға ерекше көңіл бөледі. Осы бағыттағы жұмыстардың нәтижесі ретінде жаңа «Қазақстан» шипажайы жоғары сапа мен тиімділіктің жаңа үлгісіне айналмақ.

Ыстықкөл жағалауындағы жаңа бес жұлдызды шипажайдың ашылуы өңірдегі сауықтыру туризмінің дамуына серпін беріп, Медициналық орталықтың халықаралық деңгейдегі беделін одан әрі нығайта түседі.