Денсаулық пен фигураны сақтай отырып, жаңа жылдық мерекені қалай қарсы алуға болады және жаңа жылдық үстелге қандай тағамдар таңдаған дұрыс? Kazinform агенттігінің тілшісіне "Оқжетпес" емдеу-сауықтыру кешенінің емдеу-оңалту бөлімшесінің меңгерушісі Любовь Коноплева өз кеңестерімен бөлісті.
- Любовь Васильевна, ағзаны жаңа жылдық мерекелерге алдын ала дайындау керек пе?
- Әрине, сіз өзіңіздің сүйікті мерекеңізге дайындықты бір апта бұрын бастай аласыз. Бұл уақытта денеге зиянды және ауыр тағамдардан бас тартуға, сондай-ақ алкогольді пайдаланбаған жөн.Мерекеден бірнеше күн бұрын сіз ағзаңызға детокс ұйымдастыра аласыз. Бұл деген аштық жариялау емес. Сүт өнімдерін мен төмен калориялы тағамдарды жеңіз.
- Ағзаға зиян келтірмейтін дұрыс үстел қандай болу керек?
- Біріншіден, мерекелік дастархан дұрыс тамақтану қағидаттарына сәйкес болғаны дұрыс. Диета әр түрлі және теңдестірілген әрі тамақтанудың энергетикалық құндылығы дененің энергия шығындарына тең болуы керек. Сондай-ақ, мерекелік мереке кезінде тұз бен қантты тұтынуды, соның ішінде газдалған сусындардан бас тартуды қадағалау қажет. Бес тағам тобынан тұратын әртүрлі қоректік тағамдардан ләззат алуды үйренген жөн. Бұл - көкөністер, жемістер, ет. Онымен қоса, шұжықтар мен ысталған еттердің орнына үстелде өсімдік майы, йогурт немесе лимон шырыны қосылған жаңа піскен көкөністерден немесе жемістерден жасалған салаттар болғаны абзал. Олар оңай сіңеді және келесі тағамдарды қорытуға көмектесетін ферменттерге бай. Ал торттар мен тәтті бәліштерден мүлдем бас тартқан дұрыс.
- "Оқжетпес" шипажайында мерекелік тағамдар дайындауда қандай да бір ерекшеліктер бар ма? Сіздің мәзіріңіз қандай болады?
- Біздің санаторийде мерекелік үстел тематикалық болады. Биылғы тақырып - "Қысқы ертегі". Мәзірде пайдалы еттің барлық түрлері болады. Бұл жылқы еті, қазы, тауық еті, балық, асшаяндар мен уылдырық. Бұл жағдайда өнімдердің дұрыс пісірілуі қадағаланады. Мысалы, ет барлық пайдалы заттар мен ақуыздарды сақтай отырып, 4-6 сағат бойы 80 градусқа дейінгі төмен температурада дайындалады. Бұл жаңа жылға арналған мерекелік тағамдарды дұрыс дайындаудың ерекшелігі.
- Ал "Оқжетпес" шипажайындағы жаңа жылдық үстелде сусындардың қандай түрлері болады?
- Айырмашылығы - біз сусындарды өзіміз дайындаймыз. Бізде сатып алынған лимонадтар болмайды, олар жеміс шырындары, лимон, апельсин және жаңа жалбыз қосылған өз қолыңызбен жасалған сусындар болады. Мерекелік мереке басталғаннан кейін үш сағаттан кейін ыстық шай ішкен дұрыс. Бұл асқазанның шырышты қабырғаларына әсер етеді және ас қорыту процесін тездетеді.
Біздің дастарханымыздың басты артықшылығы – қонақтар денсаулыққа зиян келтірместен және олардың талғамына қарай пайдалы және дәмді тағамдардың алуан түрін таңдай алады. Сонымен қатар, тамақтану үшін керемет жағымды жағдай жасалады. Мереке кезінде көбірек қозғалу, әзіл айту, би билеу және сөйлесу керек. Есіңізде болсын, жаңа жылдық мерекелердің өзіндік заңы бар - біз неғұрлым көп жесек, соғұрлым көп қозғалыс қажет! Баршаңызға қауіасіз мереке мен денсаулық тілеймін!